Хадис

Сахих Мүслим, № 1708

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
43. Әбу Һурайра әд-Дәусидің (р.а.) артықшылығы туралыبَابٌ: فِي فَضْلِ أَبِي هُرَيْرَةَ الدَّوْسِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1708 (Мухтасар реті)
1708
Мүслим, № 1708Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كُنْتُ أَدْعُو أُمِّي إِلَى الْإِسْلَامِ وَهِيَ مُشْرِكَةٌ، فَدَعَوْتُهَا يَوْمًا فَأَسْمَعَتْنِي فِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا أَكْرَهُ، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا أَبْكِي، قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي كُنْتُ أَدْعُو أُمِّي إِلَى الْإِسْلَامِ فَتَأْبَى عَلَيَّ، فَدَعَوْتُهَا الْيَوْمَ فَأَسْمَعَتْنِي فِيكَ مَا أَكْرَهُ، فَادْعُ اللَّهَ أَنْ يَهْدِيَ أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ اِهْدِ أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ». فَخَرَجْتُ مُسْتَبْشِرًا بِدَعْوَةِ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا جِئْتُ فَصِرْتُ إِلَى الْبَابِ فَإِذَا هُوَ مُجَافٌ، فَسَمِعَتْ أُمِّي خَشْفَ قَدَمَيَّ، فَقَالَتْ: «مَكَانَكَ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ». وَسَمِعْتُ خَضْخَضَةَ الْمَاءِ. قَالَ: فَاغْتَسَلَتْ وَلَبِسَتْ دِرْعَهَا وَعَجِلَتْ عَنْ خِمَارِهَا، فَفَتَحَتِ الْبَابَ، ثُمَّ قَالَتْ: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ». قَالَ: فَرَجَعْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَيْتُهُ وَأَنَا أَبْكِي مِنَ الْفَرَحِ. قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَبْشِرْ، قَدِ اسْتَجَابَ اللَّهُ دَعْوَتَكَ وَهَدَى أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ». فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ وَقَالَ خَيْرًا. قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُدْعُ اللَّهَ أَنْ يُحَبِّبَنِي أَنَا وَأُمِّي إِلَى عِبَادِهِ الْمُؤْمِنِينَ، وَيُحَبِّبَهُمْ إِلَيْنَا». قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ حَبِّبْ عُبَيْدَكَ هَذَا» (يَعْنِي أَبَا هُرَيْرَةَ) «وَأُمَّهُ إِلَى عِبَادِكَ الْمُؤْمِنِينَ، وَحَبِّبْ إِلَيْهِمُ الْمُؤْمِنِينَ». فَمَا خُلِقَ مُؤْمِنٌ يَسْمَعُ بِي وَلَا يَرَانِي إِلَّا أَحَبَّنِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Анам әлі мүшрік кезінде оны исламға шақырып жүрдім. Бір күні тағы да исламға шақырғанымда, ол Алла Елшісі (с.а.с.) жайында көңіліме ауыр тиген сөздер айтты. Мен жылаған күйі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Мен анамды исламға шақырып жүрмін, бірақ ол шақыруымды қабылдамай келеді. Бүгін де шақырған едім, сіз жайында көңіліме ауыр тиген сөздер айтты. Алладан Әбу Һурайраның анасына тура жол көрсетуін тілеп дұға етіңіз”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла! Әбу Һурайраның анасына тура жол көрсете гөр!” – деп дұға етті. Алла Елшісінің (с.а.с.) дұғасына қуанып, үйге қарай бет алдым. Есікке келсем, іштен жабық екен. Анам аяқ басқанымның дыбысын естіп: “Орныңда тұра тұр, уа, Әбу Һурайра!” – деді. Мен судың шалпылдаған дыбысын естідім. Анам ғұсыл алып, көйлегін киді де, асыққанынан жаулығын тағуға үлгерместен есікті ашты. Содан кейін: “Уа, Әбу Һурайра! Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік беремін. Сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі Елшісі екеніне куәлік беремін”, – деді. Мен қуаныштан жылаған күйі Алла Елшісіне (с.а.с.) қайта оралдым. Оған келіп: “Уа, Расулалла! Сүйінші! Алла дұғаңызды қабыл етіп, Әбу Һурайраның анасына тура жол көрсетті”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.) Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптеді әрі ізгі сөздер айтты». Әбу Һурайра сөзін жалғастырып: «Мен: “Уа, Расулалла! Алладан мені және анамды мүмін құлдарына сүйікті етуін әрі мүміндерді де бізге сүйікті етуін тілеп дұға етіңіз”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Һурайраны меңзеп: “Уа, Алла! Мына құлшығыңды және оның анасын мүмін құлдарыңа сүйікті ете гөр! Мүміндерді де екеуіне сүйікті ете гөр!” – деп дұға етті. Мені көрмегеннің өзінде, мен жайлы естіген әрбір мүмін мені жақсы көреді», – деді (2491/158).