Хадис

Сахих Мүслим, № 1697

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
35. Абдулла ибн Амр ибн Харамның (р.а.) артықшылығы туралыبَابٌ: فِي فَضْلِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ حَرَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1697 (Мухтасар реті)
1697
Мүслим, № 1697Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: أُصِيبَ أَبِي يَوْمَ أُحُدٍ، فَجَعَلْتُ أَكْشِفُ الثَّوْبَ عَنْ وَجْهِهِ وَأَبْكِي، وَجَعَلُوا يَنْهَوْنَنِي، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا يَنْهَانِي. قَالَ: وَجَعَلَتْ فَاطِمَةُ بِنْتُ عَمْرٍو تَبْكِيهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَبْكِيهِ أَوْ لَا تَبْكِيهِ، مَا زَالَتِ الْمَلَائِكَةُ تُظِلُّهُ بِأَجْنِحَتِهَا حَتَّى رَفَعْتُمُوهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Ухуд күні әкем шейіт болды. Мен оның бетіндегі жамылғыны қайта-қайта ашып, жылай бердім. Жұрт мені тоқтатуға тырысты, ал Алла Елшісі (с.а.с.) мені тоқтатпады. Амрдың қызы Фатима да оны жоқтап жылады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол үшін жыласаң да, жыламасаң да, сендер оны көтеріп әкеткенге дейін періштелер оны қанаттарымен көлегейлеп тұрды”, – деді» (2471/130).