عَنْ ثَابِتٍ عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: أَتَى عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَأَنَا أَلْعَبُ مَعَ الْغِلْمَانِ، قَالَ: فَسَلَّمَ عَلَيْنَا، فَبَعَثَنِي إِلَى حَاجَةٍ، فَأَبْطَأْتُ عَلَى أُمِّي، فَلَمَّا جِئْتُ قَالَتْ: «مَا حَبَسَكَ؟» قُلْتُ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجَةٍ». قَالَتْ: «مَا حَاجَتُهُ؟» قُلْتُ: «إِنَّهَا سِرٌّ». قَالَتْ: «لَا تُحَدِّثَنَّ بِسِرِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَحَدًا». قَالَ أَنَسٌ: «وَاللَّهِ لَوْ حَدَّثْتُ بِهِ أَحَدًا لَحَدَّثْتُكَ يَا ثَابِتُ».
Сәбит Әнәстің (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Мен балалармен ойнап жүргенімде, Алла Елшісі (с.а.с.) қасымызға келді. Ол бізге сәлем беріп, мені бір шаруамен жіберді. Сол себепті үйге кешігіп оралдым. Үйге келгенімде, анам: “Неге кешіктің?” – деп сұрады. Мен: “Алла Елшісі (с.а.с.) мені бір шаруамен жіберді”, – дедім. Ол: “Қандай шаруа?” – деп сұрады. Мен: “Бұл – құпия”, – дедім. Сонда анам: “Алла Елшісінің (с.а.с.) құпиясын ешкімге айтушы болма”, – деді». Әнәс: «Алланың атымен ант етемін, егер оны біреуге айтар болсам, уа, Сәбит, саған айтар едім», – деді (2482/145).