عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَتْ بِي أُمِّي أُمُّ أَنَسٍ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَقَدْ أَزَّرَتْنِي بِنِصْفِ خِمَارِهَا، وَرَدَّتْنِي بِنِصْفِهِ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا أُنَيْسٌ ابْنِي، أَتَيْتُكَ بِهِ يَخْدُمُكَ فَادْعُ اللَّهَ لَهُ». فَقَالَ: «اللَّهُمَّ أَكْثِرْ مَالَهُ وَوَلَدَهُ». قَالَ أَنَسٌ: «فَوَاللَّهِ إِنَّ مَالِي لَكَثِيرٌ، وَإِنَّ وَلَدِي وَوَلَدَ وَلَدِي لَيَتَعَادُّونَ عَلَى نَحْوِ الْمِائَةِ، الْيَوْمَ».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Анам Үммі Әнәс мені Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келді. Ол жаулығының бір жартысын беліме орап, екінші жартысын үстіме жапқан еді. Содан кейін: “Уа, Расулалла! Мынау – менің ұлым Унәйс. Оны сізге қызмет етсін деп алып келдім. Ол үшін Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Алла! Оның мал-мүлкі мен ұрпағын көбейте гөр!” – деп дұға етті». Әнәс: «Алланың атымен ант етемін, расында, мал-мүлкім өте көп. Бүгінде балаларым мен немерелерімнің саны жүзге жуықтайды», – деді (2481/143).