عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا بَعْدَ وَفَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «اِنْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أَيْمَنَ نَزُورُهَا، كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزُورُهَا»، فَلَمَّا اِنْتَهَيَا إِلَيْهَا بَكَتْ، فَقَالَا لَهَا: «مَا يُبْكِيكِ؟ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِهِ ﷺ». فَقَالَتْ: «مَا أَبْكِي أَنْ لَا أَكُونَ أَعْلَمُ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِهِ ﷺ، وَلَكِنْ أَبْكِي أَنَّ الْوَحْيَ قَدِ اِنْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ»، فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ. فَجَعَلَا يَبْكِيَانِ مَعَهَا.
Әнәс былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.) Үммі Әймәнді зиярат етіп тұрғанындай, жүр, біз де барып, оны зиярат етейік”, – деді. Екеуі оған барған кезде, Үммі Әймән жылады. Олар: “Сені не жылатты? Алланың құзырындағы игілік Алла Елшісі (с.а.с.) үшін қайырлырақ қой” – деді. Сонда ол: “Алланың құзырындағы игілік Алла Елшісі (с.а.с.) үшін қайырлырақ екенін білмегендіктен жылап отырған жоқпын. Алайда көктен келетін уахидың тоқтағанына жылап отырмын”, – деді. Оның бұл сөзі екеуінің де көңілін босатты. Сөйтіп, олар да онымен бірге жылады» (2454/103).