Хадис

Сахих Мүслим, № 1657

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
17. Пайғамбардың (с.а.с.) отбасы мүшелерінің артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ أَهْلِ بَيْتِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1657 (Мухтасар реті)
1657
Мүслим, № 1657

عَنْ يَزِيدِ بْنِ حَيَّانَ، قَالَ: اِنْطَلَقْتُ أَنَا وَحُصَيْنُ بْنُ سَبْرَةَ، وَعُمَرُ بْنُ مُسْلِمٍ، إِلَى زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ، فَلَمَّا جَلَسْنَا إِلَيْهِ قَالَ لَهُ حُصَيْنٌ: «لَقَدْ لَقِيتَ يَا زَيْدُ خَيْرًا كَثِيرًا، رَأَيْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَسَمِعْتَ حَدِيثَهُ، وَغَزَوْتَ مَعَهُ، وَصَلَّيْتَ خَلْفَهُ. لَقَدْ لَقِيتَ، يَا زَيْدُ خَيْرًا كَثِيرًا، حَدِّثْنَا يَا زَيْدُ مَا سَمِعْتَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «يَا ابْنَ أَخِي، وَاللَّهِ لَقَدْ كَبِرَتْ سِنِّي، وَقَدُمَ عَهْدِي، وَنَسِيتُ بَعْضَ الَّذِي كُنْتُ أَعِي مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَمَا حَدَّثْتُكُمْ فَاقْبَلُوا، وَمَا لَا، فَلَا تُكَلِّفُونِيهِ». ثُمَّ قَالَ: «قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا فِينَا خَطِيبًا، بِمَاءٍ يُدْعَى خُمًّا بَيْنَ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، وَوَعَظَ وَذَكَّرَ، ثُمَّ قَالَ: “أَمَّا بَعْدُ، أَلَا أَيُّهَا النَّاسُ فَإِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ يُوشِكُ أَنْ يَأْتِيَ رَسُولُ رَبِّي فَأُجِيبَ، وَأَنَا تَارِكٌ فِيكُمْ ثَقَلَيْنِ: أَوَّلُهُمَا كِتَابُ اللَّهِ فِيهِ الْهُدَى وَالنُّورُ فَخُذُوا بِكِتَابِ اللَّهِ، وَاسْتَمْسِكُوا بِهِ” فَحَثَّ عَلَى كِتَابِ اللَّهِ وَرَغَّبَ فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: “وَأَهْلُ بَيْتِي أُذَكِّرُكُمُ اللَّهَ فِي أَهْلِ بَيْتِي، أُذَكِّرُكُمُ اللَّهَ فِي أَهْلِ بَيْتِي، أُذَكِّرُكُمُ اللَّهَ فِي أَهْلِ بَيْتِي”». فَقَالَ لَهُ حُصَيْنٌ: «وَمَنْ أَهْلُ بَيْتِهِ، يَا زَيْدُ؟ أَلَيْسَ نِسَاؤُهُ مِنْ أَهْلِ بَيْتِهِ؟» قَالَ: «نِسَاؤُهُ مِنْ أَهْلِ بَيْتِهِ، وَلَكِنْ أَهْلُ بَيْتِهِ مَنْ حُرِمَ الصَّدَقَةَ بَعْدَهُ». قَالَ: «وَمَنْ هُمْ؟» قَالَ: «هُمْ آلُ عَلِيٍّ وَآلُ عَقِيلٍ، وَآلُ جَعْفَرٍ، وَآلُ عَبَّاسٍ». قَالَ: «كُلُّ هَؤُلَاءِ حُرِمَ الصَّدَقَةَ؟» قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Язид ибн Хайянның айтуынша, ол Хусайн ибн Сабра және Омар ибн Муслиммен бірге Зәйд ибн Арқамға барған. Қасына отырғандарында, Хусайн оған: «Уа, Зәйд! Сен көптеген игілікке кенелдің. Алла Елшісін (с.а.с.) көрдің, одан хадистер естідің, онымен бірге жорықтарға қатыстың әрі оның артында намаз оқыдың. Уа, Зәйд! Расында, сен көптеген игілікке кенелдің. Алла Елшісінен (с.а.с.) естігендеріңді бізге айтып бер», – деді. Зәйд: «Уа, бауырымның баласы! Алланың атымен ант етемін, жасым ұлғайды, содан бері көп уақыт өтті әрі Алла Елшісінен (с.а.с.) жадымда сақтаған кейбір нәрселерімді ұмытып қалдым. Сондықтан сендерге не айтсам, соны қабыл алыңдар, ал айтпағанымды менен талап етпеңдер», – деді. Содан кейін ол былай деді: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) Мекке мен Мәдинаның арасындағы Хумм деп аталатын суаттың басында бізге құтба айтты. Ол Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптеді, уағыз айтып, ескертті. Содан кейін: “Ал енді, уа, адамдар! Мен де адам баласымын. Жақында маған Раббымның елшісі келіп, мен оның шақыруына жауап беруім мүмкін. Мен араларыңда аса маңызды екі нәрсе қалдырып барамын. Оның біріншісі – Алланың Кітабы. Онда тура жол мен нұр бар. Сондықтан Алланың Кітабын басшылыққа алып, оны берік ұстаныңдар”, – деді». Сөйтіп, ол Алланың Кітабын ұстануға шақырып, соған ынталандырды. Содан кейін: «Екіншісі – отбасым. Отбасыма қатысты Алланы естеріңе саламын! Отбасыма қатысты Алланы естеріңе саламын! Отбасыма қатысты Алланы естеріңе саламын!» – деді. Хусайн одан: «Уа, Зәйд! Оның отбасына кімдер жатады? Әйелдері де отбасына жатпай ма?» – деп сұрады. Ол: «Әйелдері отбасына жатады. Алайда оның отбасы дегеніміз – одан кейін садақа алуға тыйым салынған адамдар», – деді. Хусайн: «Олар кімдер?» – деп сұрады. Ол: «Олар – Әлидің әулеті, Ақилдің әулеті, Жағфардың әулеті және Аббастың әулеті», – деді. Хусайн: «Олардың барлығына садақа алуға тыйым салынған ба?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді (2408/36).