Хадис

Сахих Мүслим, № 1649

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
13. Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1649 (Мухтасар реті)
1649
Мүслим, № 1649

عَنْ مُصْعَبِ بْنِ سَعْدٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ نَزَلَتْ فِيهِ آيَاتٌ مِنَ الْقُرْآنِ. قَالَ: حَلَفَتْ أُمُّ سَعْدٍ أَنْ لَا تُكَلِّمَهُ أَبَدًا حَتَّى يَكْفُرَ بِدِينِهِ، وَلَا تَأْكُلَ وَلَا تَشْرَبَ. قَالَتْ: «زَعَمْتَ أَنَّ اللَّهَ وَصَّاكَ بِوَالِدَيْكَ، وَأَنَا أُمُّكَ وَأَنَا آمُرُكَ بِهَذَا». قَالَ: مَكَثَتْ ثَلَاثًا حَتَّى غُشِيَ عَلَيْهَا مِنَ الْجَهْدِ، فَقَامَ ابْنٌ لَهَا يُقَالُ لَهُ عُمَارَةُ فَسَقَاهَا، فَجَعَلَتْ تَدْعُو عَلَى سَعْدٍ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ فِي الْقُرْآنِ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حُسْنًا﴾ [الْعَنْكَبُوتِ: ٨]، ﴿وَإِنْ جَاهَدَاكَ عَلَى أَنْ تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا﴾، وَفِيهَا: ﴿وَصَاحِبْهُمَا فِي الدُّنْيَا مَعْرُوفًا﴾ [لُقْمَانَ: ١٥]. قَالَ: وَأَصَابَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَنِيمَةً عَظِيمَةً، فَإِذَا فِيهَا سَيْفٌ فَأَخَذْتُهُ، فَأَتَيْتُ بِهِ الرَّسُولَ ﷺ، فَقُلْتُ: «نَفِّلْنِي هَذَا السَّيْفَ، فَأَنَا مَنْ قَدْ عَلِمْتَ حَالَهُ». فَقَالَ: «رُدَّهُ مِنْ حَيْثُ أَخَذْتَهُ». فَانْطَلَقْتُ حَتَّى إِذَا أَرَدْتُ أَنْ أُلْقِيَهُ فِي الْقَبَضِ لَامَتْنِي نَفْسِي، فَرَجَعْتُ إِلَيْهِ فَقُلْتُ: «أَعْطِنِيهِ». قَالَ: فَشَدَّ لِي صَوْتَهُ: «رُدَّهُ مِنْ حَيْثُ أَخَذْتَهُ». قَالَ: فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَسْأَلُونَكَ عَنِ الْأَنْفَالِ﴾ [الْأَنْفَالِ: ١]. قَالَ: وَمَرِضْتُ فَأَرْسَلْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَتَانِي، فَقُلْتُ: «دَعْنِي أَقْسِمْ مَالِي حَيْثُ شِئْتُ». قَالَ: فَأَبَى، قُلْتُ: «فَالنِّصْفَ؟» قَالَ: فَأَبَى، قُلْتُ: «فَالثُّلُثَ؟» قَالَ: فَسَكَتَ، فَكَانَ بَعْدُ الثُّلُثُ جَائِزًا. قَالَ: وَأَتَيْتُ عَلَى نَفَرٍ مِنَ الْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرِينَ، فَقَالُوا: «تَعَالَ نُطْعِمْكَ وَنَسْقِكَ خَمْرًا»، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ تُحَرَّمَ الْخَمْرُ. قَالَ: فَأَتَيْتُهُمْ فِي حَشٍّ (وَالْحَشُّ الْبُسْتَانُ)، فَإِذَا رَأْسُ جَزُورٍ مَشْوِيٌّ عِنْدَهُمْ وَزِقٌّ مِنْ خَمْرٍ. قَالَ: فَأَكَلْتُ وَشَرِبْتُ مَعَهُمْ. قَالَ: فَذَكَرْتُ الْأَنْصَارَ وَالْمُهَاجِرِينَ عِنْدَهُمْ، فَقُلْتُ: «الْمُهَاجِرُونَ خَيْرٌ مِنَ الْأَنْصَارِ». قَالَ: فَأَخَذَ رَجُلٌ أَحَدَ لَحْيَيِ الرَّأْسِ فَضَرَبَنِي بِهِ فَجَرَحَ بِأَنْفِي، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبَرْتُهُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ فِيَّ (يَعْنِي نَفْسَهُ) شَأْنَ الْخَمْرِ: ﴿إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ﴾ [الْمَائِدَةِ: ٩٠].

Қазақша аудармасы

Мұсғаб ибн Сағд әкесі Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) жеткізді: Сағд өзі туралы Құранның бірнеше аяты түскенін айтып, былай деді: «Анам мен дінімнен бас тартпайынша менімен мүлде сөйлеспеуге әрі ештеңе ішіп-жемеуге ант етті. Ол: “Сен: ‘Алла саған ата-анаңа жақсылық жасауды өсиет етті’, – дейсің. Мен – сенің анаңмын әрі саған осыны бұйырамын”, – деді. Анам үш күн бойы нәр татпай, әлсірегенінен есінен танып қалды. Сонда Умара есімді ұлы орнынан тұрып, оған су берді. Осыдан кейін анам маған теріс дұға ете бастады. Осыған байланысты Алла Тағала Құранда мына аятты түсірді: “Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік” («Анкабут», 8), “Егер олар Менен өзгенің құдай бола алмайтындығы жайлы іліміңе қайшы келетін соқыр сенімді ұстанып, сені Маған серік қосуға итермелесе, ондай жағдайда ол екеуіне бағынба” («Лұқман», 15). Сондай-ақ онда: “Алайда дүниеде олармен жақсы қарым-қатынаста бол” («Лұқман», 15), – делінген. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) мол олжаға кенелді. Олжаның арасынан бір қылыш көріп, оны қолыма алдым да, Алла Елшісіне (с.а.с.) әкеліп: “Мына қылышты маған олжадан қосымша үлес етіп беріңіз. Менің қандай адам екенімді өзіңіз білесіз”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Оны алған жеріңе қайта апарып қой”, – деді. Қылышты олжа жиналған жерге қайта апарып тастауға беттегенімде, іштей өзімді-өзім кінәлай бастадым. Сөйтіп, Алла Елшісіне (с.а.с.) қайта оралып: “Оны маған беріңіз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.) дауысын көтеріп: “Оны алған жеріңе қайта апарып қой!” – деді. Осыған байланысты Алла Тағала: “Олар сенен (соғыстан түскен) олжа жайлы сұрайды” («Әнфәл», 1), – деген аятты түсірді. Мен ауырып қалып, Пайғамбарға (с.а.с.) кісі жібердім. Ол (с.а.с.) маған келді. Мен: “Мүлкімді қалағанымша бөліп беруге рұқсат етіңіз”, – дедім. Ол (с.а.с.) келіспеді. Мен: “Онда жартысын ше?” – дедім. Ол тағы да келіспеді. Мен: “Үштен бірін ше?” – дедім. Ол (с.а.с.) үндемеді. Содан кейін мүліктің үштен бірін бөлуге рұқсат етілетін болды. Бірде ансарлар мен мұһажирлерден құралған бір топтың жанынан өтіп бара жаттым. Олар: “Кел, сені тамақтандырып, шарап берейік”, – деді. Бұл шарап әлі харам етілмеген кез еді. Мен олардың хашына (яғни бағына) бардым. Қарасам, алдарында қуырылған түйенің басы мен шарап құйылған мес тұр екен. Мен олармен бірге ішіп-жедім. Олардың алдында ансарлар мен мұһажирлер туралы сөз қозғадым. Мен: “Мұһажирлер ансарлардан артық”, – дедім. Сонда бір адам түйе басының жақ сүйектерінің бірін алып, мені онымен ұрып, мұрнымды жаралады. Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жайды хабарладым. Сонда Алла Тағала мен туралы (Сағд бұл жерде өзін меңзеп отыр) шарапқа қатысты: “Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер ... бұлардан аулақ болыңдар” («Мәида», 90), – деген аятты түсірді» (1748/43).