عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: لَمَّا تُوُفِّيَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ، جَاءَ ابْنُهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَأَلَهُ أَنْ يُعْطِيَهُ قَمِيصَهُ أَنْ يُكَفِّنَ فِيهِ أَبَاهُ، فَأَعْطَاهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ أَنْ يُصَلِّيَ عَلَيْهِ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِيُصَلِّيَ عَلَيْهِ، فَقَامَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَخَذَ بِثَوْبِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتُصَلِّي عَلَيْهِ وَقَدْ نَهَاكَ اللَّهُ أَنْ تُصَلِّيَ عَلَيْهِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّمَا خَيَّرَنِي اللَّهُ فَقَالَ: ﴿اِسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لَا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِنْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِينَ مَرَّةً فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: ٨٠]، وَسَأَزِيدُ عَلَى سَبْعِينَ». قَالَ: «إِنَّهُ مُنَافِقٌ». فَصَلَّى عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَا تُصَلِّ عَلَى أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلَا تَقُمْ عَلَى قَبْرِهِ﴾ [التَّوْبَةِ: ٨٤].
Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул қайтыс болғанда, оның ұлы Абдулла ибн Абдулла Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, әкесін кебіндеу үшін көйлегін беруін өтінді. Ол (с.а.с.) көйлегін берді. Содан кейін одан әкесіне жаназа намазын оқуын сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) оған жаназа намазын оқу үшін орнынан тұрды. Сонда Омар да тұрып, Алла Елшісінің (с.а.с.) киімінен ұстап: “Уа, Расулалла! Алла сізге оған жаназа намазын оқуға тыйым салғанына қарамастан, оған намаз оқымақсыз ба?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла маған таңдау беріп: ‘Олар үшін Алладан кешірім тілесең де, тілемесең де бәрібір, тіпті олар үшін жетпіс мәрте кешірім тілесең де, Алла оларды кешірмейді’ («Тәубе», 80), – деді. Мен жетпістен де асырып кешірім тілеймін”, – деді. Омар (р.а.): “Ол – мұнафық”, – деді». Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оған жаназа намазын оқыды. Осыдан кейін Ұлы әрі Құдіретті Алла: «Олардың мәңгілікке өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма» («Тәубе», 84) деген аятты түсірді (2400/25).