عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِسْتَأْذَنَ عُمَرُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَعِنْدَهُ نِسَاءٌ مِنْ قُرَيْشٍ يُكَلِّمْنَهُ وَيَسْتَكْثِرْنَهُ عَالِيَةً أَصْوَاتُهُنَّ، فَلَمَّا اِسْتَأْذَنَ عُمَرُ قُمْنَ يَبْتَدِرْنَ الْحِجَابَ، فَأَذِنَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَضْحَكُ، فَقَالَ عُمَرُ: «أَضْحَكَ اللَّهُ سِنَّكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَجِبْتُ مِنْ هَؤُلَاءِ اللَّاتِي كُنَّ عِنْدِي، فَلَمَّا سَمِعْنَ صَوْتَكَ اِبْتَدَرْنَ الْحِجَابَ». قَالَ عُمَرُ: «فَأَنْتَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَحَقُّ أَنْ يَهَبْنَ». ثُمَّ قَالَ عُمَرُ: «أَيْ عَدُوَّاتِ أَنْفُسِهِنَّ، أَتَهَبْنَنِي وَلَا تَهَبْنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؟» قُلْنَ: «نَعَمْ، لَأَنْتَ أَغْلَظُ وَأَفَظُّ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، مَا لَقِيَكَ الشَّيْطَانُ قَطُّ سَالِكًا فَجًّا إِلَّا سَلَكَ فَجًّا غَيْرَ فَجِّكَ».
Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Омар Алла Елшісінің (с.а.с.) қасына кіруге рұқсат сұрады. Сол кезде оның (с.а.с.) жанында құрайыштық бірнеше әйел онымен сөйлесіп, одан көп нәрсе сұрап, дауыстарын көтеріп отырған еді. Омар рұқсат сұраған кезде, олар орындарынан тұрып, шымылдықтың ар жағына асыға жөнелді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған кіруге рұқсат берді. Ол (с.а.с.) күліп отырған еді. Сонда Омар: “Алла жүзіңізден күлкі айырмасын, уа, Расулалла!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Жанымда отырған мына әйелдерге таңғалдым. Сенің даусыңды ести сала шымылдықтың ар жағына асыға жөнелді”, – деді. Омар: “Уа, Расулалла! Олардың сізден қаймығуы дұрысырақ еді”, – деді. Содан кейін әйелдерге: “Әй, өз бастарыңның жаулары! Алла Елшісінен (с.а.с.) қаймықпай, менен қаймығасыңдар ма?” – деді. Олар: “Иә, өйткені сіз Алла Елшісіне (с.а.с.) қарағанда қаталдау әрі қатаңырақсыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, шайтан сені бір жолда кездестірсе, міндетті түрде сен жүрген жолдан басқа жолға түседі”, – деді» (2396/22).