Хадис

Сахих Мүслим, № 1610

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
51. Пайғамбарлар және олардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ ذِكْرِ الْأَنْبِيَاءِ وَفَضْلِهِمْ
бап
6. Мұса (а.с.) және Алла Тағаланың «Алла қауымының ол жайлы айтқан қауесет сөздерінің қып-қызыл жала екенін айқындап, оны толық ақтады. Ол Алланың алдында өте абыройлы еді» деген аяты туралыبَابٌ: فِي ذِكْرِ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا﴾
Нөмірі
№ 1610 (Мухтасар реті)
1610
Мүслим, № 1610Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ رَجُلًا حَيِيًّا، قَالَ: فَكَانَ لَا يُرَى مُتَجَرِّدًا، قَالَ: فَقَالَ بَنُو إِسْرَائِيلَ: «إِنَّهُ آدَرُ». قَالَ: فَاغْتَسَلَ عِنْدَ مُوَيْهٍ، فَوَضَعَ ثَوْبَهُ عَلَى حَجَرٍ، فَانْطَلَقَ الْحَجَرُ يَسْعَى، وَاتَّبَعَهُ بِعَصَاهُ يَضْرِبُهُ: «ثَوْبِي، حَجَرُ! ثَوْبِي، حَجَرُ!» حَتَّى وَقَفَ عَلَى مَلَأٍ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ، وَنَزَلَتْ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَى فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Мұса (оған сәлем болсын) аса ұяң әрі арлы кісі еді. Оны ешкім жалаңаш күйінде көрмейтін. Сонда Исраил ұрпақтары: “Оның ұмасы ісінген”, – десті. Бірде Мұса шағын суатта шомылып, киімін бір тастың үстіне қойды. Тас оның киімін алып қаша жөнелді. Мұса асатаяғын алып, тасты ұра қуып: “Киімімді бер, ей, тас! Киімімді бер, ей, тас!” – деді. Ақырында ол Исраил ұрпақтарының бір тобының алдына келіп қалды. Сонда: “Уа, иман келтіргендер! Мұсаға орынсыз жала жауып, көңіліне қаяу түсірген бейбақтарға ұқсап жүрмеңдер. Біле білсеңдер, Алла қауымының ол жайлы айтқан қауесет сөздерінің қып-қызыл жала екенін айқындап, оны толық ақтады. Ол Алланың алдында өте абыройлы еді” («Ахзаб», 69) деген аят түсті» (339/156).