Хадис

Сахих Мүслим, № 1605

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
51. Пайғамбарлар және олардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ ذِكْرِ الْأَنْبِيَاءِ وَفَضْلِهِمْ
бап
1. Адамның (а.с.) жаратылуының басталуы туралыبَابٌ: فِي ابْتِدَاءِ خَلْقِ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ
Нөмірі
№ 1605 (Мухтасар реті)
1605
Мүслим, № 1605Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِي، فَقَالَ: “خَلَقَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ التُّرْبَةَ يَوْمَ السَّبْتِ، وَخَلَقَ فِيهَا الْجِبَالَ يَوْمَ الْأَحَدِ، وَخَلَقَ الشَّجَرَ يَوْمَ الِاثْنَيْنِ، وَخَلَقَ الْمَكْرُوهَ يَوْمَ الثُّلَاثَاءِ، وَخَلَقَ النُّورَ يَوْمَ الْأَرْبِعَاءِ، وَبَثَّ فِيهَا الدَّوَابَّ يَوْمَ الْخَمِيسِ، وَخَلَقَ آدَمَ الْعَصْرَ مِنْ يَوْمِ الْجُمُعَةِ، فِي آخِرِ الْخَلْقِ، فِي آخِرِ سَاعَةٍ مِنْ سَاعَاتِ الْجُمُعَةِ، فِيمَا بَيْنَ الْعَصْرِ إِلَى اللَّيْلِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің қолымнан ұстап: “Аса Үстем әрі Ұлы Алла топырақты сенбі күні жаратты. Ондағы тауларды жексенбі күні, ағаштарды дүйсенбі күні, ұнамсыз нәрселерді сейсенбі күні, жарықты сәрсенбі күні жаратты. Бейсенбі күні жер бетіне жануарларды таратты. Ал Адамды жұма күні екінті уақытында, жаратылыстың ең соңында, жұма күнінің соңғы сағатында, екінті мен түн аралығында жаратты”, – деді» (2789/27).