Хадис

Сахих Мүслим, № 447

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
242. Жаңбыр тілеу намазы туралыبَابٌ: فِي صَلَاةِ الِاسْتِسْقَاءِ
Нөмірі
№ 447 (Мухтасар реті)
447
Мүслим, № 447Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ إِلَى الْمُصَلَّى يَسْتَسْقِي، وَأَنَّهُ لَمَّا أَرَادَ أَنْ يَدْعُوَ اِسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، وَحَوَّلَ رِدَاءَهُ». وَفِي رِوَايَةٍ: «فَجَعَلَ إِلَى النَّاسِ ظَهْرَهُ، يَدْعُو اللَّهَ، وَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، وَحَوَّلَ رِدَاءَهُ، ثُمَّ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Алладан жаңбыр тілеу үшін намаз алаңына шықты. Дұға етуге кіріскенде құбылаға бет бұрып, үстіндегі жамылғысын аударып жамылды», – деп хабарлаған. Басқа риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с.) адамдарға арқасын беріп, құбылаға бет бұрған күйі Аллаға дұға етті. Үстіндегі жамылғысын аударып жамылды да, екі рәкәғат намаз оқыды», – делінген. (894/3,4)