عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَوْمًا مِنْ جُهَيْنَةَ، فَقَاتَلُونَا قِتَالًا شَدِيدًا، فَلَمَّا صَلَّيْنَا الظُّهْرَ قَالَ الْمُشْرِكُونَ: “لَوْ مِلْنَا عَلَيْهِمْ مَيْلَةً لَاقْتَطَعْنَاهُمْ”، فَأَخْبَرَ جِبْرِيلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ذَلِكَ، فَذَكَرَ ذَلِكَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: وَقَالُوا: “إِنَّهُ سَتَأْتِيهِمْ صَلَاةٌ هِيَ أَحَبُّ إِلَيْهِمْ مِنَ الْأَوْلَادِ”، فَلَمَّا حَضَرَتِ الْعَصْرُ قَالَ: صَفَّنَا صَفَّيْنِ، وَالْمُشْرِكُونَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْقِبْلَةِ، قَالَ: فَكَبَّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَكَبَّرْنَا، وَرَكَعَ فَرَكَعْنَا، ثُمَّ سَجَدَ، وَسَجَدَ مَعَهُ الصَّفُّ الْأَوَّلُ، فَلَمَّا قَامُوا سَجَدَ الصَّفُّ الثَّانِي، ثُمَّ تَأَخَّرَ الصَّفُّ الْأَوَّلُ، وَتَقَدَّمَ الصَّفُّ الثَّانِي، فَقَامُوا مَقَامَ الْأَوَّلِ، فَكَبَّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَبَّرْنَا، وَرَكَعَ، فَرَكَعْنَا، ثُمَّ سَجَدَ وَسَجَدَ مَعَهُ الصَّفُّ الْأَوَّلُ، وَقَامَ الثَّانِي، فَلَمَّا سَجَدَ الصَّفُّ الثَّانِي، ثُمَّ جَلَسُوا جَمِيعًا، سَلَّمَ عَلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». قَالَ أَبُو الزُّبَيْرِ: «ثُمَّ خَصَّ جَابِرٌ أَنْ قَالَ: “كَمَا يُصَلِّي أُمَرَاؤُكُمْ هَؤُلَاءِ”».
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Жуһайна тайпасының бір қауымына қарсы жорыққа шықтық. Олар бізбен өте қатты шайқасты. Біз бесін намазын оқығаннан кейін мүшріктер: “Егер оларға бір рет лап қойсақ, оларды талқандап тастар едік”, – деді. Жәбірейіл мұны Алла Елшісіне (с.а.с.) хабарлады. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге осыны айтып берді. Мүшріктер сондай-ақ: “Оларға балаларына қарағанда да сүйіктірек бір намаздың уақыты әлі келеді”, – деді. Екінті намазының уақыты келгенде ол бізді екі сапқа тұрғызды. Мүшріктер біз бен құбыланың арасында еді. Алла Елшісі (с.а.с.) тәкбір айтты, біз де тәкбір айттық. Ол рүкүғ жасады, біз де рүкүғ жасадық. Содан кейін ол сәждеге түсті, бірінші сап онымен бірге сәжде етті. Олар түрегелгенде, екінші сап сәжде етті. Содан соң бірінші сап артқа шегініп, екінші сап алға шығып, бірінші саптың орнына тұрды. Алла Елшісі (с.а.с.) тәкбір айтты, біз де тәкбір айттық. Ол рүкүғ жасады, біз де рүкүғ жасадық. Содан кейін ол сәждеге түсті, бірінші сап онымен бірге сәжде етті, ал екінші сап тік тұрып қалды. Содан кейін екінші сап та сәжде етті. Бәрі бірге отырғаннан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оларға сәлем берді». Әбу әз-Зубайр: «Содан кейін Жәбир нақтылап: “Сендердің мына әмірлерің осылай намаз оқиды”, – деді», – деді. (840/308)