Хадис

Сахих Мүслим, № 432

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
229. Айт күні жас қыздардың айтатын сөздеріبَابٌ: مَا يَقُولُ الْجَوَارِي فِي الْعِيدِ
Нөмірі
№ 432 (Мухтасар реті)
432
Мүслим, № 432Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَعِنْدِي جَارِيَتَانِ تُغَنِّيَانِ بِغِنَاءِ بُعَاثٍ، فَاضْطَجَعَ عَلَى الْفِرَاشِ، وَحَوَّلَ وَجْهَهُ، فَدَخَلَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَانْتَهَرَنِي، وَقَالَ: “مِزْمَارُ الشَّيْطَانِ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” فَأَقْبَلَ عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “دَعْهُمَا”، فَلَمَّا غَفَلَ غَمَزْتُهُمَا فَخَرَجَتَا. وَكَانَ يَوْمَ عِيدٍ يَلْعَبُ السُّودَانُ بِالدَّرَقِ وَالْحِرَابِ، فَإِمَّا سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَإِمَّا قَالَ: “تَشْتَهِينَ تَنْظُرِينَ؟” فَقُلْتُ: “نَعَمْ”، فَأَقَامَنِي وَرَاءَهُ، خَدِّي عَلَى خَدِّهِ، وَهُوَ يَقُولُ: “دُونَكُمْ، يَا بَنِي أَرْفِدَةَ” حَتَّى إِذَا مَلِلْتُ، قَالَ: “حَسْبُكِ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “فَاذْهَبِي”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) кірген кезде жанымда Буғас оқиғасы туралы жыр айтып отырған екі қыз бар еді. Ол төсекке жатып, жүзін басқа жаққа бұрды. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) кіріп, маған ұрысты да: “Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында шайтанның сыбызғысы болғаны ма?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған бұрылып: “Оларға тиіспе”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) назарын басқа жаққа аударғанда, мен екі қызға ишара жасап едім, олар шығып кетті. Бұл айт күні болатын. Қара нәсілділер қалқан мен найзамен өнер көрсетіп жатты. Алла Елшісінен (с.а.с.) сұраған мен бе, әлде оның өзі: “Көргің келе ме?” – деді ме, білмеймін. Мен: “Иә”, – дедім. Ол мені өзінің артына тұрғызды. Менің бетім оның бетіне тиіп тұрды. Ол: “Алға, уа, Арфида ұлдары!” – деп тұрды. Мен жалыққан кезде ол: “Жеткілікті ме?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Онда бара бер”, – деді». (892/19)