عَنْ أَبِي وَائِلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «غَدَوْنَا عَلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ يَوْمًا بَعْدَ مَا صَلَّيْنَا الْغَدَاةَ، فَسَلَّمْنَا بِالْبَابِ، فَأَذِنَ لَنَا، قَالَ: فَمَكَثْنَا بِالْبَابِ هُنَيَّةً، قَالَ: فَخَرَجَتِ الْجَارِيَةُ، فَقَالَتْ: “أَلَا تَدْخُلُونَ؟” فَدَخَلْنَا، فَإِذَا هُوَ جَالِسٌ يُسَبِّحُ، فَقَالَ: “مَا مَنَعَكُمْ أَنْ تَدْخُلُوا وَقَدْ أُذِنَ لَكُمْ؟” فَقُلْنَا: “لَا، إِلَّا أَنَّا ظَنَنَّا أَنَّ بَعْضَ أَهْلِ الْبَيْتِ نَائِمٌ”. قَالَ: “ظَنَنْتُمْ بِآلِ ابْنِ أُمِّ عَبْدٍ غَفْلَةً”. قَالَ: ثُمَّ أَقْبَلَ يُسَبِّحُ حَتَّى ظَنَّ أَنَّ الشَّمْسَ قَدْ طَلَعَتْ، فَقَالَ: “يَا جَارِيَةُ، اُنْظُرِي هَلْ طَلَعَتْ؟” قَالَ: فَنَظَرَتْ فَإِذَا هِيَ لَمْ تَطْلُعْ، فَأَقْبَلَ يُسَبِّحُ حَتَّى إِذَا ظَنَّ أَنَّ الشَّمْسَ قَدْ طَلَعَتْ، قَالَ: “يَا جَارِيَةُ، اُنْظُرِي هَلْ طَلَعَتْ؟” فَنَظَرَتْ، فَإِذَا هِيَ قَدْ طَلَعَتْ، فَقَالَ: “الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَقَالَنَا يَوْمَنَا هَذَا”» (فَقَالَ مَهْدِيٌّ: «وَأَحْسِبُهُ قَالَ: “وَلَمْ يُهْلِكْنَا بِذُنُوبِنَا”») «قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: “قَرَأْتُ الْمُفَصَّلَ الْبَارِحَةَ كُلَّهُ”. قَالَ: فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “هَذًّا كَهَذِّ الشِّعْرِ! أَمَا لَقَدْ سَمِعْنَا الْقِرَاءَةَ، وَإِنِّي لَأَحْفَظُ الْقَرَائِنَ الَّتِي كَانَ يَقْرَؤُهُنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثَمَانِيَةَ عَشَرَ مِنَ الْمُفَصَّلِ، وَسُورَتَيْنِ مِنْ آلِ ﴿حٰمٓ﴾”».
Әбу Уаил (р.а.) былай деген: «Бір күні таң намазын оқып болған соң, ертемен Абдулла ибн Масғудтың үйіне бардық. Есік алдына келіп сәлем бергенімізде, ол бізге кіруге рұқсат етті. Алайда біз есік алдында біраз аялдап қалдық. Сонда қызметші қыз шығып: “Кірмейсіңдер ме?” – деді. Біз ішке кірсек, Абдулла отырып тәсбих айтып жатыр екен. Ол: “Кіруге рұқсат етілсе де, неге кірмей қалдыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Ештеңе бөгеген жоқ. Тек үй ішіндегі кейбір адамдар ұйықтап жатқан болар деп ойладық”, – дедік. Ол: “Ибн Үммі Абдтың отбасы ғапыл жатады деп ойладыңдар ма?” – деді. Содан кейін күн шықты-ау деп ойлағанға дейін тәсбих айтуын жалғастырды. Кейін: “Уа, қызметші қыз! Қарашы, күн шықты ма екен?” – деді. Ол қараса, күн әлі шықпаған екен. Абдулла қайтадан тәсбих айтуын жалғастырды. Күн шықты-ау деп ойлаған кезде тағы да: “Уа, қызметші қыз! Қарашы, күн шықты ма екен?” – деді. Ол қарап, күннің шыққанын көрді. Сонда Абдулла: “Бізді осы күнге аман жеткізген Аллаға мадақ болсын”, – деді. Мәһди: “Меніңше, ол: ‘Әрі күнәларымыз үшін бізді құртып жібермеген’, – деп те айтты”, – деген. Сонда отырғандардың бірі: “Кеше түнде ‘Муфассал’ бөлімінің бәрін оқып шықтым”, – деді. Абдулла оған: “Өлеңді зуылдатып оқығандай, тым жылдам оқып шығыпсың! Біз Құранның қалай оқылатынын естігенбіз. Мен Алла Елшісі (с.а.с.) оқитын сол жұп сүрелерді жатқа білемін: ‘Муфассал’ бөлімінен он сегіз сүре және ‘Ха, Мим’ тобынан екі сүре”, – деді». (822/278)