Хадис

Сахих Мүслим, № 385

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
183. Адамның түні бойы намазға тұрмай ұйықтауының ұнамсыз саналуыبَابٌ: كَرَاهِيَةُ أَنْ يَنَامَ الرَّجُلُ اللَّيْلَ كُلَّهُ لَا يُصَلِّي فِيهِ
Нөмірі
№ 385 (Мухтасар реті)
385
Мүслим, № 385Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذُكِرَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ نَامَ لَيْلَةً حَتَّى أَصْبَحَ، قَالَ: “ذَاكَ رَجُلٌ بَالَ الشَّيْطَانُ فِي أُذُنِهِ”، أَوْ قَالَ: “فِي أُذُنَيْهِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында таң атқанға дейін түні бойы ұйықтап қалған бір адам туралы айтылды. Сонда ол: “Ол – шайтан құлағына зәр сындырған адам”, – деді. Немесе: “Екі құлағына”, – деп айтты», – деген. (774/205)