Хадис

Сахих Мүслим, № 373

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
172. Түнде де, күндіз де нәпіл намаз оқу туралыبَابٌ: فِي التَّنَفُّلِ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ
Нөмірі
№ 373 (Мухтасар реті)
373
Мүслим, № 373

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ شَقِيقٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنْ صَلَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، عَنْ تَطَوُّعِهِ، فَقَالَتْ: “كَانَ يُصَلِّي فِي بَيْتِي قَبْلَ الظُّهْرِ أَرْبَعًا، ثُمَّ يَخْرُجُ فَيُصَلِّي بِالنَّاسِ، ثُمَّ يَدْخُلُ فَيُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، وَكَانَ يُصَلِّي بِالنَّاسِ الْمَغْرِبَ، ثُمَّ يَدْخُلُ فَيُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، وَيُصَلِّي بِالنَّاسِ الْعِشَاءَ، وَيَدْخُلُ بَيْتِي فَيُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، وَكَانَ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ تِسْعَ رَكَعَاتٍ فِيهِنَّ الْوِتْرُ، وَكَانَ يُصَلِّي لَيْلًا طَوِيلًا قَائِمًا، وَلَيْلًا طَوِيلًا قَاعِدًا، وَكَانَ إِذَا قَرَأَ وَهُوَ قَائِمٌ رَكَعَ وَسَجَدَ وَهُوَ قَائِمٌ، وَإِذَا قَرَأَ قَاعِدًا رَكَعَ وَسَجَدَ وَهُوَ قَاعِدٌ، وَكَانَ إِذَا طَلَعَ الْفَجْرُ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Шақиқ (р.а.) былай деген: «Мен Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) нәпіл намаздары жайында сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) менің үйімде бесіннің алдында төрт рәкәғат оқитын. Содан кейін шығып, адамдарға имам болып намаз оқытатын да, үйге кіріп, екі рәкәғат оқитын. Адамдарға ақшам намазын оқытып болған соң үйге кіріп, екі рәкәғат оқитын. Адамдарға құптан намазын оқытқаннан кейін менің үйіме кіріп, екі рәкәғат оқитын. Түнде үтірді қосқанда тоғыз рәкәғат намаз оқитын. Ол түнде ұзақ уақыт тұрып та, ұзақ уақыт отырып та намаз оқитын. Құранды тұрып оқыса, рүкүғ пен сәждеге тұрған қалпынан баратын, ал отырып оқыса, рүкүғ пен сәждені отырған қалпынан жасайтын. Таң атқанда екі рәкәғат намаз оқитын”, – деді». (730/105)