Хадис

Сахих Мүслим, № 328

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
131. Намаз амалдарын бірқалыпты әрі толық орындауبَابٌ: فِي اِعْتِدَالِ الصَّلَاةِ وَإِتْمَامِهَا
Нөмірі
№ 328 (Мухтасар реті)
328
Мүслим, № 328Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَمَقْتُ الصَّلَاةَ مَعَ مُحَمَّدٍ ﷺ، فَوَجَدْتُ قِيَامَهُ فَرَكْعَتَهُ، فَاعْتِدَالَهُ بَعْدَ رُكُوعِهِ، فَسَجْدَتَهُ، فَجَلْسَتَهُ بَيْنَ السَّجْدَتَيْنِ، فَسَجْدَتَهُ، فَجَلْسَتَهُ مَا بَيْنَ التَّسْلِيمِ وَالِانْصِرَافِ، قَرِيبًا مِنَ السَّوَاءِ».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азиб: «Мұхаммедпен (с.а.с.) бірге намаз оқып, оның намазын мұқият бақыладым. Оның тік тұруы, рүкүғ жасауы, рүкүғтан кейін тік тұруы, сәжде жасауы, екі сәжденің арасында отыруы, қайта сәжде жасауы және сәлем бергеннен кейін бұрылып кеткенге дейін отыруы – барлығының ұзақтығы бір-біріне шамалас екенін байқадым», – деген. (471/193)