Хадис

Сахих Мүслим, № 323б

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
126. Намазды күту және жамағатпен намаз оқудың артықшылығыبَابٌ: فِي انْتِظَارِ الصَّلَاةِ وَفَضْلِ الْجَمَاعَةِ
Нөмірі
№ 323б (Мухтасар реті)
323б
Мүслим, № 323бРиуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «صَلَاةُ الرَّجُلِ فِي جَمَاعَةٍ تَزِيدُ عَلَى صَلَاتِهِ فِي بَيْتِهِ وَصَلَاتِهِ فِي سُوقِهِ بِضْعًا وَعِشْرِينَ دَرَجَةً، وَذَلِكَ أَنَّ أَحَدَهُمْ إِذَا تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ أَتَى الْمَسْجِدَ لَا يَنْهَزُهُ إِلَّا الصَّلَاةُ، لَا يُرِيدُ إِلَّا الصَّلَاةَ، فَلَمْ يَخْطُ خَطْوَةً إِلَّا رُفِعَ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ، وَحُطَّ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةٌ، حَتَّى يَدْخُلَ الْمَسْجِدَ، فَإِذَا دَخَلَ الْمَسْجِدَ كَانَ فِي الصَّلَاةِ مَا كَانَتِ الصَّلَاةُ هِيَ تَحْبِسُهُ، وَالْمَلَائِكَةُ يُصَلُّونَ عَلَى أَحَدِكُمْ مَا دَامَ فِي مَجْلِسِهِ الَّذِي صَلَّى فِيهِ، يَقُولُونَ: “اللَّهُمَّ اِرْحَمْهُ، اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لَهُ، اللَّهُمَّ تُبْ عَلَيْهِ”، مَا لَمْ يُؤْذِ فِيهِ، مَا لَمْ يُحْدِثْ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамның жамағатпен оқыған намазы үйінде немесе базарда оқыған намазынан жиырмадан астам дәреже артық. Өйткені сендердің бірің дәретін мұқият алып, мешітке намаздан басқа еш нәрсе үшін шықпай, тек намазды ғана мақсат етіп келсе, басқан әрбір қадамы үшін дәрежесі бір саты көтеріліп, бір күнәсі өшіріледі. Бұл мешітке кіргенге дейін жалғасады. Мешітке кіргеннен кейін намазды күтіп отырған уақыт бойы намаз оқыған болып есептеледі. Сендердің бірің намаз оқыған орнында ешкімге зиян тигізбей әрі дәретін бұзбай отырған уақыт бойы періштелер оған: “Уа, Алла! Оған рақым ет! Уа, Алла! Оны кешір! Уа, Алла! Оның тәубесін қабыл ет!” – деп дұға етеді», – деген. (649/272)