Хадис

Сахих Мүслим, № 318

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
120. Имамдарға намазды толық орындаумен қатар, оны ұзаққа созбай оқыту бұйырылғандығыبَابٌ: أَمْرُ الْأَئِمَّةِ بِالتَّخْفِيفِ فِي تَمَامٍ
Нөмірі
№ 318 (Мухтасар реті)
318
Мүслим, № 318Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “إِنِّي لَأَتَأَخَّرُ عَنْ صَلَاةِ الصُّبْحِ مِنْ أَجْلِ فُلَانٍ، مِمَّا يُطِيلُ بِنَا”. فَمَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ غَضِبَ فِي مَوْعِظَةٍ قَطُّ أَشَدَّ مِمَّا غَضِبَ يَوْمَئِذٍ، فَقَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ مِنْكُمْ مُنَفِّرِينَ، فَأَيُّكُمْ أَمَّ النَّاسَ، فَلْيُوجِزْ؛ فَإِنَّ مِنْ وَرَائِهِ الْكَبِيرَ، وَالضَّعِيفَ وَذَا الْحَاجَةِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Пәленше намазды бізге ұзақ оқытатындықтан, мен таң намазынан қалыс қалып жүрмін”, – деді. Пайғамбардың (с.а.с.) насихат үстінде дәл сол күнгідей қатты ашуланғанын ешқашан көрген емеспін. Сонда ол: “Уа, адамдар! Араларыңда жұртты бездіретіндер бар. Қайсыбірің адамдарға имам болса, намазды жеңіл оқытсын. Өйткені оның артында қарт та, әлсіз де, шаруасы бар адам да тұрады”, – деді». (466/182)