Хадис

Сахих Мүслим, № 316

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
118. Имам болуға кімнің көбірек лайық екендігіبَابٌ: مَنْ أَحَقُّ بِالْإِمَامَةِ
Нөмірі
№ 316 (Мухтасар реті)
316
Мүслим, № 316Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “يَؤُمُّ الْقَوْمَ أَقْرَؤُهُمْ لِكِتَابِ اللَّهِ، فَإِنْ كَانُوا فِي الْقِرَاءَةِ سَوَاءً، فَأَعْلَمُهُمْ بِالسُّنَّةِ، فَإِنْ كَانُوا فِي السُّنَّةِ سَوَاءً، فَأَقْدَمُهُمْ هِجْرَةً، فَإِنْ كَانُوا فِي الْهِجْرَةِ سَوَاءً، فَأَقْدَمُهُمْ سِلْمًا، وَلَا يَؤُمَّنَّ الرَّجُلُ الرَّجُلَ فِي سُلْطَانِهِ، وَلَا يَقْعُدْ فِي بَيْتِهِ عَلَى تَكْرِمَتِهِ إِلَّا بِإِذْنِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Жамағатқа Алланың Кітабын ең жақсы оқитын адам имам болсын. Егер қырағатта бәрі тең болса, сүннетті ең жақсы білетіні имам болсын. Егер сүннетті білуде де тең болса, һижретті ертерек жасағаны имам болсын. Егер һижретте де тең болса, Исламды ертерек қабылдағаны имам болсын. Ешкім басқа адамның билігі жүретін жерде оған имам болмасын әрі оның үйіндегі құрметті орнына рұқсатынсыз отырмасын». (673/290)