Хадис

Сахих Мүслим, № 281

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
85. Намазда «Фатиха» сүресін оқудың міндеттілігіبَابٌ: وُجُوبُ الْقِرَاءَةِ بِأُمِّ الْقُرْآنِ فِي الصَّلَاةِ
Нөмірі
№ 281 (Мухтасар реті)
281
Мүслим, № 281Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ صَلَّى صَلَاةً لَمْ يَقْرَأْ فِيهَا بِأُمِّ الْقُرْآنِ فَهِيَ خِدَاجٌ» ثَلَاثًا، «غَيْرُ تَمَامٍ». فَقِيلَ لِأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّا نَكُونُ وَرَاءَ الْإِمَامِ». فَقَالَ: «اِقْرَأْ بِهَا فِي نَفْسِكَ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ‘قَسَمْتُ الصَّلَاةَ بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي نِصْفَيْنِ، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ’. فَإِذَا قَالَ الْعَبْدُ: ﴿الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْفَاتِحَةِ: ٢]، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ‘حَمِدَنِي عَبْدِي’، وَإِذَا قَالَ: ﴿الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ﴾ [الْفَاتِحَةِ: ٣]، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ‘أَثْنَى عَلَيَّ عَبْدِي’، وَإِذَا قَالَ: ﴿مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ﴾ [الْفَاتِحَةِ: ٤]، قَالَ: ‘مَجَّدَنِي عَبْدِي’ – وَقَالَ مَرَّةً: ‘فَوَّضَ إِلَيَّ عَبْدِي’ –، فَإِذَا قَالَ: ﴿إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴾ [الْفَاتِحَةِ: ٥]، قَالَ: ‘هَذَا بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ’، فَإِذَا قَالَ: ﴿اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ﴾ [الْفَاتِحَةِ: ٦⁠–⁠٧]، قَالَ: ‘هَذَا لِعَبْدِي، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім намаз оқып, онда Құранның анасы – “Фатиха” сүресін оқымаса, оның намазы кеміс, толық емес», – деп үш рет қайталаған. Әбу Һурайрадан: «Біз имамның артында тұрсақ ше?» – деп сұрағанда, ол: «Оны іштей оқы. Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла Тағала: ‘Намазды Өзім мен құлымның арасында теңдей екіге бөлдім. Құлымның сұрағаны өзіне беріледі’, – деді. Құл: الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ – ‘Бар мадақ пен шүкіршілік әлемдердің Раббысы Аллаға арналады’, – дегенде, Алла Тағала: ‘Құлым Маған мадақ айтты’, – дейді. Құл: الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ – ‘Ол – Рахман, аса Рақымды’, – дегенде, Алла Тағала: ‘Құлым Мені дәріптеді’, – дейді. Құл: مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ – ‘Дін күнінің иесі!’, – дегенде: ‘Құлым Мені ұлықтады’, – дейді. Бір жолы: ‘Құлым өз ісін Маған тапсырды’, – деген. Құл: إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ – ‘Бір Өзіңе ғана құлшылық етеміз һәм бір Өзіңнен ғана медет тілейміз’, – дегенде: ‘Бұл – Менімен құлымның арасындағы нәрсе. Құлымның сұрағаны өзіне беріледі’, – дейді. Ал құл: اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ – ‘Бізді тура жолға сала көр! Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлегендердің жолына!’, – дегенде: ‘Бұл – құлым үшін. Құлымның сұрағаны өзіне беріледі’, – дейді”, – дегенін естідім», – деді. (395/38)