Хадис

Сахих Мүслим, № 275

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
79. Тәкбір айтқанда және өзге амалдарды орындағанда имамнан озуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ مُبَادَرَةِ الْإِمَامِ بِالتَّكْبِيرِ وَغَيْرِهِ
Нөмірі
№ 275 (Мухтасар реті)
275
Мүслим, № 275Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعَلِّمُنَا، يَقُولُ: “لَا تُبَادِرُوا الْإِمَامَ؛ إِذَا كَبَّرَ فَكَبِّرُوا، وَإِذَا قَالَ: ﴿وَلَا الضَّالِّينَ﴾ فَقُولُوا: ‘آمِينَ’، وَإِذَا رَكَعَ فَارْكَعُوا، وَإِذَا قَالَ: ‘سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ’، فَقُولُوا: ‘رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Имамнан озып кетпеңдер. Ол тәкбір айтқанда, сендер де тәкбір айтыңдар. Ол: ‘және адасқандардың жолына емес’ («Фатиха», 7) дегенде: ‘Әмин’, – деңдер. Ол рүкүғқа барғанда, сендер де рүкүғқа барыңдар. Ол: ‘Алла Өзін мадақтағанның мадағын естіді’, – дегенде: ‘Уа, Раббымыз! Барлық мадақ Саған тән’, – деңдер”, – деп үйрететін». (415/87)