Хадис

Сахих Мүслим, № 271

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
75. Намазды бастағанда зікір айтудың артықшылығыبَابٌ: فَضْلُ الذِّكْرِ عِنْدَ دُخُولِ الصَّلَاةِ
Нөмірі
№ 271 (Мухтасар реті)
271
Мүслим, № 271Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا جَاءَ فَدَخَلَ الصَّفَّ وَقَدْ حَفَزَهُ النَّفَسُ، فَقَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ»، فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاتَهُ، قَالَ: «أَيُّكُمُ الْمُتَكَلِّمُ بِالْكَلِمَاتِ؟» فَأَرَمَّ الْقَوْمُ، فَقَالَ: «أَيُّكُمُ الْمُتَكَلِّمُ بِهَا؟ فَإِنَّهُ لَمْ يَقُلْ بَأْسًا». فَقَالَ رَجُلٌ: «جِئْتُ وَقَدْ حَفَزَنِي النَّفَسُ، فَقُلْتُهَا». فَقَالَ: «لَقَدْ رَأَيْتُ اِثْنَيْ عَشَرَ مَلَكًا يَبْتَدِرُونَهَا، أَيُّهُمْ يَرْفَعُهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) жеткізуінше, бір адам қатты ентігіп келіп, сапқа қосылды да: «Аллаға көп, игі әрі берекелі мақтау болсын!» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) намазын аяқтағаннан кейін: «Бұл сөздерді қайсың айттың?» – деп сұрады. Жамағат үнсіз қалды. Ол (с.а.с.) тағы да: «Оны қайсың айттың? Ол жаман сөз айтқан жоқ», – деді. Сонда бір адам: «Қатты ентігіп келіп, осы сөздерді мен айттым», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мен он екі періштенің осы сөздерді жоғары жеткізуге бір-бірімен жарысқанын көрдім», – деді. (600/149)