Хадис

Сахих Мүслим, № 268

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
73. Алдыңғы саптың артықшылығыبَابٌ: فَضْلُ الصَّفِّ الْمُقَدَّمِ
Нөмірі
№ 268 (Мухтасар реті)
268
Мүслим, № 268Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِي النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الْأَوَّلِ، ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلَّا أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لَاسْتَهَمُوا، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي التَّهْجِيرِ، لَاسْتَبَقُوا إِلَيْهِ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي الْعَتَمَةِ وَالصُّبْحِ، لَأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер адамдар азан айту мен бірінші сапта тұрудың қандай сауабы барын білсе, содан кейін оған қол жеткізу үшін жеребе тартудан басқа амал таппаса, міндетті түрде жеребе тартар еді. Егер намазға ерте барудың қандай сауабы барын білсе, оған жетуге жарысар еді. Ал құптан мен таң намаздарында қандай сауап барын білсе, ол екеуіне еңбектеп болса да келер еді», – деген. (437/129)