Хадис

Сахих Мүслим, № 262

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
67. Құбыланың Шам бағытынан Қағба бағытына өзгертілуі туралыبَابٌ: فِي تَحْوِيلِ الْقِبْلَةِ عَنِ الشَّامِ إِلَى الْكَعْبَةِ
Нөмірі
№ 262 (Мухтасар реті)
262
Мүслим, № 262Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى بَيْتِ الْمَقْدِسِ سِتَّةَ عَشَرَ شَهْرًا، حَتَّى نَزَلَتِ الْآيَةُ الَّتِي فِي الْبَقَرَةِ: ﴿وَحَيْثُمَا كُنْتُمْ فَوَلُّوا وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُ﴾ [الْبَقَرَةِ: ١٤٤]، فَنَزَلَتْ بَعْدَمَا صَلَّى النَّبِيُّ ﷺ، فَانْطَلَقَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ فَمَرَّ بِنَاسٍ مِنَ الْأَنْصَارِ وَهُمْ يُصَلُّونَ، فَحَدَّثَهُمْ بِالْحَدِيثِ، فَوَلُّوا وُجُوهَهُمْ قِبَلَ الْبَيْتِ».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азиб (р.а.): «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Бәйтул-Мақдиске қарай он алты ай намаз оқыдым», – деген. Содан кейін «Бақара» сүресіндегі وَحَيْثُ مَا كُنْتُمْ فَوَلُّوا وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُ «Сендер де қай жерде болсаңдар да, жүздеріңді солай қарай бұрыңдар!» («Бақара», 144) деген аят түсті. Бұл аят Пайғамбар (с.а.с.) намаз оқып болғаннан кейін түсті. Сонда жамағат арасынан бір кісі шығып, намаз оқып жатқан ансарлардың жанынан өтті де, оларға осы жайды хабарлады. Олар бірден жүздерін Қағбаға қарай бұрды. (525/11)