Хадис

Сахих Мүслим, № 256

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
61. Қабірлердің үстіне мешіт салуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ بِنَاءِ الْمَسَاجِدِ عَلَى الْقُبُورِ
Нөмірі
№ 256 (Мухтасар реті)
256
Мүслим, № 256Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ، أَنَّ أُمَّ حَبِيبَةَ وَأُمَّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُنَّ ذَكَرَتَا كَنِيسَةً رَأَيْنَهَا بِالْحَبَشَةِ فِيهَا تَصَاوِيرُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أُولَئِكَ إِذَا كَانَ فِيهِمُ الرَّجُلُ الصَّالِحُ، فَمَاتَ، بَنَوْا عَلَى قَبْرِهِ مَسْجِدًا، وَصَوَّرُوا فِيهِ تِلْكَ الصُّوَرَ، أُولَئِكِ شِرَارُ الْخَلْقِ عِنْدَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Айшаның жеткізуінше, Үммі Хабиба мен Үммі Сәләмә (р.а.) Хабашстанда көрген, ішінде суреттері бар бір шіркеу жайын Алла Елшісіне (с.а.с.) айтып берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Олардың арасындағы бір ізгі адам қайтыс болса, қабірінің үстіне мешіт тұрғызып, ішіне сол бейнелерді салатын. Қиямет күні Аса Құдіретті әрі Ұлы Алланың құзырында жаратылыстың ең жамандары – міне, солар», – деді. (528/16)