Хадис

Сахих Мүслим, № 227

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
33. Ең абзал амал – намазды өз уақытында оқуبَابٌ: أَفْضَلُ الْعَمَلِ الصَّلَاةُ لِوَقْتِهَا
Нөмірі
№ 227 (Мухтасар реті)
227
Мүслим, № 227Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: “أَيُّ الْأَعْمَالِ أَفْضَلُ؟” قَالَ: “الصَّلَاةُ لِوَقْتِهَا”. قَالَ: قُلْتُ: “ثُمَّ أَيٌّ؟” قَالَ: “بِرُّ الْوَالِدَيْنِ”. قَالَ: قُلْتُ: “ثُمَّ أَيٌّ؟” قَالَ: “الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ”. فَمَا تَرَكْتُ أَسْتَزِيدُهُ إِلَّا إِرْعَاءً عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.): “Қай амал ең абзал?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Намазды белгіленген уақытында оқу”, – деді. Мен: “Одан кейін қайсы?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Ата-анаға жақсылық жасау”, – деді. Мен: “Одан кейін қайсы?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Алла жолында жиһад ету”, – деді. Оған салмақ салмайын деп қана, одан әрі сұрамадым», – деген. (85/137)