Хадис

Сахих Мүслим, № 221

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
27. Екінті намазының қазасын күн батқаннан кейін өтеуبَابٌ: قَضَاءُ صَلَاةِ الْعَصْرِ بَعْدَ الْغُرُوبِ
Нөмірі
№ 221 (Мухтасар реті)
221
Мүслим, № 221Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَوْمَ الْخَنْدَقِ جَعَلَ يَسُبُّ كُفَّارَ قُرَيْشٍ، وَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَاللَّهِ مَا كِدْتُ أَنْ أُصَلِّيَ الْعَصْرَ حَتَّى كَادَتْ أَنْ تَغْرُبَ الشَّمْسُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَوَاللَّهِ إِنْ صَلَّيْتُهَا». فَنَزَلْنَا إِلَى بُطْحَانَ، فَتَوَضَّأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَتَوَضَّأْنَا، فَصَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْعَصْرَ بَعْدَ مَا غَرَبَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ صَلَّى بَعْدَهَا الْمَغْرِبَ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Хандақ күні Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Құрайыш кәпірлерін сөгіп: “Уа, Расулалла! Алламен ант етемін, екінті намазын күн батуға шақ қалғанда әрең оқыдым”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алламен ант етемін, мен оны оқыған жоқпын”, – деді. Содан кейін біз Бұтханға түстік. Алла Елшісі (с.а.с.) дәрет алды, біз де дәрет алдық. Алла Елшісі (с.а.с.) күн батқаннан кейін екінті намазын, содан соң ақшам намазын оқыды». (631/209)