Хадис

Сахих Мүслим, № 219

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
25. Намаз оқуға да, мәйіт жерлеуге де тыйым салынған үш мезгілبَابٌ: ثَلَاثُ سَاعَاتٍ لَا يُصَلَّى فِيهِنَّ وَلَا يُقْبَرُ
Нөмірі
№ 219 (Мухтасар реті)
219
Мүслим, № 219

عَنْ عُلَيِّ بْنِ رَبَاحٍ، قَالَ: «سَمِعْتُ عُقْبَةَ بْنَ عَامِرٍ الْجُهَنِيَّ، يَقُولُ: “ثَلَاثُ سَاعَاتٍ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَنْهَانَا أَنْ نُصَلِّيَ فِيهِنَّ، أَوْ أَنْ نَقْبُرَ فِيهِنَّ مَوْتَانَا: حِينَ تَطْلُعُ الشَّمْسُ بَازِغَةً حَتَّى تَرْتَفِعَ، وَحِينَ يَقُومُ قَائِمُ الظَّهِيرَةِ حَتَّى تَمِيلَ الشَّمْسُ، وَحِينَ تَضَيَّفُ الشَّمْسُ لِلْغُرُوبِ حَتَّى تَغْرُبَ”».

Қазақша аудармасы

Ұлай ибн Рабах былай деген: «Ұқба ибн Амир әл-Жуһанидің: “Алла Елшісі (с.а.с.) бізге үш мезгілде намаз оқуға немесе қайтыс болғандарымызды жерлеуге тыйым салатын: күн көкжиектен шыға бастағаннан биіктегенге дейін; күн тас төбеге келгеннен ауғанға дейін; күн батуға бет алғаннан толық батқанға дейін”, – дегенін естідім». (831/293)