Хадис

Сахих Мүслим, № 206

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
14. Намаз уақыттары туралы жалпы ережелерبَابٌ: جَامِعُ الْمَوَاقِيتِ
Нөмірі
№ 206 (Мухтасар реті)
206
Мүслим, № 206Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنَّهُ أَتَاهُ سَائِلٌ يَسْأَلُهُ عَنْ مَوَاقِيتِ الصَّلَاةِ، فَلَمْ يَرُدَّ عَلَيْهِ شَيْئًا، قَالَ: فَأَمَرَ بِلَالًا فَأَقَامَ الْفَجْرَ حِينَ انْشَقَّ الْفَجْرُ، وَالنَّاسُ لَا يَكَادُ يَعْرِفُ بَعْضُهُمْ بَعْضًا، ثُمَّ أَمَرَهُ فَأَقَامَ بِالظُّهْرِ، حِينَ زَالَتِ الشَّمْسُ، وَالْقَائِلُ يَقُولُ: «قَدِ انْتَصَفَ النَّهَارُ»، وَهُوَ كَانَ أَعْلَمَ مِنْهُمْ، ثُمَّ أَمَرَهُ فَأَقَامَ بِالْعَصْرِ وَالشَّمْسُ مُرْتَفِعَةٌ، ثُمَّ أَمَرَهُ فَأَقَامَ بِالْمَغْرِبِ حِينَ وَقَعَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ أَمَرَهُ فَأَقَامَ الْعِشَاءَ حِينَ غَابَ الشَّفَقُ، ثُمَّ أَخَّرَ الْفَجْرَ مِنَ الْغَدِ حَتَّى انْصَرَفَ مِنْهَا، وَالْقَائِلُ يَقُولُ: «قَدْ طَلَعَتِ الشَّمْسُ، أَوْ كَادَتْ». ثُمَّ أَخَّرَ الظُّهْرَ حَتَّى كَانَ قَرِيبًا مِنْ وَقْتِ الْعَصْرِ بِالْأَمْسِ، ثُمَّ أَخَّرَ الْعَصْرَ حَتَّى انْصَرَفَ مِنْهَا، وَالْقَائِلُ يَقُولُ: «قَدِ احْمَرَّتِ الشَّمْسُ». ثُمَّ أَخَّرَ الْمَغْرِبَ حَتَّى كَانَ عِنْدَ سُقُوطِ الشَّفَقِ، ثُمَّ أَخَّرَ الْعِشَاءَ حَتَّى كَانَ ثُلُثُ اللَّيْلِ الْأَوَّلُ، ثُمَّ أَصْبَحَ فَدَعَا السَّائِلَ، فَقَالَ: «الْوَقْتُ بَيْنَ هَذَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғаридің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп, намаз уақыттары жайында сұрады. Алайда ол (с.а.с.) оған ештеңе деп жауап бермеді. Содан кейін Біләлға бұйрық беріп, таң сөгіле бастағанда таң намазына қамат айтқызды. Бұл уақытта адамдар бірін-бірі әрең танитын. Содан кейін күн ауған кезде бесін намазына қамат айтуды бұйырды. Сонда біреу: «Күн ортасы болды», – дейтіндей еді. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) оның уақытын олардан жақсырақ білетін. Кейін күн әлі жоғарыда тұрғанда екінті намазына қамат айтуды бұйырды. Одан соң күн батқан кезде ақшам намазына, ал шапақ жоғалған кезде құптан намазына қамат айтуды бұйырды. Келесі күні таң намазын кешіктіріп оқығаны сонша, намазды аяқтағанда біреу: «Күн шығып кетті немесе шығуға таяды», – дейтіндей болды. Содан кейін бесін намазын алдыңғы күнгі екінті намазының уақыты таяғанға дейін кешіктірді. Екінті намазын да кешіктіргені сонша, намазды аяқтағанда біреу: «Күн қызарып кетті», – дейтіндей болды. Ақшам намазын шапақ жоғалуға таяғанға дейін, ал құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктірді. Содан соң таңертең әлгі сұраған кісіні шақырып: «Намаз уақыты – осы екі уақыттың аралығы», – деді. (614/178)