Хадис

Сахих Мүслим, № 1502

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
47. Жыландар және басқа жануарлар кітабыكِتَابُ الْحَيَّاتِ وَغَيْرِهَا
бап
5. Құмырсқаларды өлтіру туралыبَابٌ: فِي قَتْلِ النَّمْلِ
Нөмірі
№ 1502 (Мухтасар реті)
1502
Мүслим, № 1502Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «نَزَلَ نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِيَاءِ تَحْتَ شَجَرَةٍ، فَلَدَغَتْهُ نَمْلَةٌ، فَأَمَرَ بِجِهَازِهِ فَأُخْرِجَ مِنْ تَحْتِهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِهَا فَأُحْرِقَتْ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيْهِ: “فَهَلَّا نَمْلَةً وَاحِدَةً؟”»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Пайғамбарлардың бірі бір ағаштың түбіне аялдады. Сонда оны бір құмырсқа шағып алды. Ол жүгін ағаштың түбінен алып кетуді бұйырды. Содан кейін сол жердегі құмырсқа илеуін өртетуді бұйырды. Сонда Алла оған: “Бір ғана құмырсқаны өлтірсең болмас па еді?” – деп уахи етті» (2241/149).