عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّ هَذَا الْوَجَعَ» (أَوِ: «السَّقَمَ») «رِجْزٌ عُذِّبَ بِهِ بَعْضُ الْأُمَمِ قَبْلَكُمْ، ثُمَّ بَقِيَ بَعْدُ بِالْأَرْضِ، فَيَذْهَبُ الْمَرَّةَ وَيَأْتِي الْأُخْرَى، فَمَنْ سَمِعَ بِهِ بِأَرْضٍ، فَلَا يَقْدَمَنَّ عَلَيْهِ، وَمَنْ وَقَعَ بِأَرْضٍ وَهُوَ بِهَا فَلَا يُخْرِجَنَّهُ الْفِرَارُ مِنْهُ».
Усама ибн Зәйд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, бұл кесел немесе ауру – сендерден бұрынғы кейбір үмбеттер жазаланған азаптың бірі. Кейін ол жер бетінде қалып қойды: бірде кетіп, бірде қайта келеді. Кім оның бір жерде тарағанын естісе, ол жерге бармасын. Ал ол кімнің тұрған жерінде тараса, сол адам одан қашамын деп ол жерден шықпасын», – дегенін жеткізді (2218/96).