Хадис

Сахих Мүслим, № 1437

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
38. Қасында әйел бар ер адамның жанынан біреу өткенде, оған «Бұл – пәленше» деп айтуы туралыبَابٌ: إِذَا مَرَّ بِرَجُلٍ وَمَعَهُ اِمْرَأَةٌ فَلْيَقُلْ: «إِنَّهَا فُلَانَةٌ»
Нөмірі
№ 1437 (Мухтасар реті)
1437
Мүслим, № 1437

عَنْ صَفِيَّةَ بِنْتِ حُيَيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ مُعْتَكِفًا، فَأَتَيْتُهُ أَزُورُهُ لَيْلًا، فَحَدَّثْتُهُ، ثُمَّ قُمْتُ لِأَنْقَلِبَ، فَقَامَ مَعِيَ لِيَقْلِبَنِي»، وَكَانَ مَسْكَنُهَا فِي دَارِ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. «فَمَرَّ رَجُلَانِ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَلَمَّا رَأَيَا النَّبِيَّ ﷺ أَسْرَعَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “عَلَى رِسْلِكُمَا، إِنَّهَا صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ”. فَقَالَا: “سُبْحَانَ اللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “إِنَّ الشَّيْطَانَ يَجْرِي مِنَ الْإِنْسَانِ مَجْرَى الدَّمِ، وَإِنِّي خَشِيتُ أَنْ يَقْذِفَ فِي قُلُوبِكُمَا شَرًّا”» (أَوْ قَالَ: «شَيْئًا»).

Қазақша аудармасы

Сафия бинт Хуәй (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) иғтикафта отырған еді. Бір түні мен оған зиярат ете келіп, біраз сөйлестім. Содан кейін қайту үшін орнымнан тұрдым. Ол мені шығарып салу үшін орнынан тұрды». Сафияның тұратын жері Усама ибн Зәйдтің (р.а.) үйінде еді. Сафия сөзін жалғастырып: «Сол кезде ансарлық екі кісі өтіп бара жатты. Олар Пайғамбарды (с.а.с.) көргенде, жүрістерін жылдамдатты. Пайғамбар (с.а.с.): “Асықпаңдар! Бұл – Сафия бинт Хуәй”, – деді. Екеуі: “Субханаллаһ, уа, Расулалла!” – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, шайтан адам баласының бойында қан айналғандай айналып жүреді. Мен оның екеуіңнің көңілдеріңе жаман ой салуынан қорықтым”, – деді немесе: “Бір нәрсе салуынан”, – деді», – деген (2175/24).