Хадис

Сахих Мүслим, № 1424

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
41. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
25. Кіруге рұқсат сұрағанда үйдің ішіне сығалап қарауға тыйым салу туралыبَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الِاطِّلَاعِ عِنْدَ الِاسْتِئْذَانِ
Нөмірі
№ 1424 (Мухтасар реті)
1424
Мүслим, № 1424Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا اِطَّلَعَ فِي جُحْرٍ فِي بَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَمَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِدْرًى يَحُكُّ بِهِ رَأْسَهُ، فَلَمَّا رَآهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ أَعْلَمُ أَنَّكَ تَنْظُرُنِي لَطَعَنْتُ بِهِ فِي عَيْنِكَ». وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّمَا جُعِلَ الْإِذْنُ مِنْ أَجْلِ الْبَصَرِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Бір кісі Алла Елшісінің (с.а.с.) есігіндегі тесіктен сығалап қарады. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) қолындағы темір тарақпен басын қасып отырған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны көргенде: “Сығалап тұрғаныңды білгенімде, мұны көзіңе шаншыр едім”, – деді. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): “Рұқсат сұрау үй ішіндегіні көріп қоймау үшін белгіленген”, – деді» (2156/40).