Хадис

Сахих Мүслим, № 1389

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
48. Малдың мойнына тағылған алқаларды кесіп тастау туралыبَابٌ: قَطْعُ الْقَلَائِدِ مِنْ أَعْنَاقِ الدَّوَابِّ
Нөмірі
№ 1389 (Мухтасар реті)
1389
Мүслим, № 1389

عَنْ أَبِي بَشِيرٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ كَانَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ، قَالَ: فَأَرْسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَسُولًا (قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أَبِي بَكْرٍ: حَسِبْتُ أَنَّهُ قَالَ: «وَالنَّاسُ فِي مَبِيتِهِمْ»): «لَا يَبْقَيَنَّ فِي رَقَبَةِ بَعِيرٍ قِلَادَةٌ مِنْ وَتَرٍ» (أَوْ: «قِلَادَةٌ») «إِلَّا قُطِعَتْ». قَالَ مَالِكٌ: «أُرَى ذَلِكَ مِنَ الْعَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәшир әл-Ансари (р.а.) өзінің Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оның кейбір сапарларында болғанын хабарлап, былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Түйенің мойнында садақ адырнасынан жасалған алқа – немесе қандай да бір алқа – кесілмей қалмасын!” – деп хабарлау үшін бір жаршы жіберді». Абдулла ибн Әбу Бәкір: «Меніңше, ол: “Адамдар түнейтін орындарына жайғасқан кезде”, – деген», – деді. Мәлик: «Меніңше, бұл көз тиюден сақтану үшін тағылған алқаларға қатысты», – деді (2115/105).