Хадис

Сахих Мүслим, № 1376

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
35. Пайғамбардың (с.а.с.) «Мұхаммед – Алланың Елшісі» деген жазуы бар күміс жүзікті тағуы және одан кейін халифалардың сол жүзікті тағуы туралыبَابٌ: لُبْسُ النَّبِيِّ ﷺ خَاتَمًا مِنْ وَرِقٍ نَقْشُهُ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ وَلُبْسُ الْخُلَفَاءِ مِنْ بَعْدِهِ
Нөмірі
№ 1376 (Мухтасар реті)
1376
Мүслим, № 1376Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَرَادَ أَنْ يَكْتُبَ إِلَى كِسْرَى وَقَيْصَرَ وَالنَّجَاشِيِّ، فَقِيلَ: «إِنَّهُمْ لَا يَقْبَلُونَ كِتَابًا إِلَّا بِخَاتَمٍ»، فَصَاغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَاتَمًا حَلْقَتُهُ فِضَّةٌ، وَنَقَشَ فِيهِ: «مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Кисраға, Қайсарға және Нәжашиге хат жазбақ болды. Сонда оған: “Олар мөрі бар хатты ғана қабылдайды”, – делінді. Осыдан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шеңбері күмістен жасалған мөрлі жүзік соқтырып, оған: “Мұхаммед – Алланың Елшісі”, – деп нақыштатты» (2092/58).