Хадис

Сахих Мүслим, № 1373

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
34. Алтын жүзікті тастау туралыبَابٌ: فِي طَرْحِ خَاتَمِ الذَّهَبِ
Нөмірі
№ 1373 (Мухтасар реті)
1373
Мүслим, № 1373Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِصْطَنَعَ خَاتَمًا مِنْ ذَهَبٍ، فَكَانَ يَجْعَلُ فَصَّهُ فِي بَاطِنِ كَفِّهِ إِذَا لَبِسَهُ، فَصَنَعَ النَّاسُ، ثُمَّ إِنَّهُ جَلَسَ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَنَزَعَهُ، فَقَالَ: «إِنِّي كُنْتُ أَلْبَسُ هَذَا الْخَاتَمَ، وَأَجْعَلُ فَصَّهُ مِنْ دَاخِلٍ»، فَرَمَى بِهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَاللَّهِ، لَا أَلْبَسُهُ أَبَدًا»، فَنَبَذَ النَّاسُ خَوَاتِيمَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) өзіне алтын жүзік жасатты. Оны таққанда, жүзіктің көзін алақанының ішкі жағына қаратып қоятын. Мұны көрген адамдар да сондай жүзіктер жасатты. Кейін ол (с.а.с.) мінберге отырып, жүзігін шешті де: «Мен бұл жүзікті тағып, көзін ішке қаратып қоятын едім», – деді. Содан кейін оны лақтырып жіберіп: «Алламен ант етемін! Енді мұны ешқашан тақпаймын», – деді. Сонда адамдар да жүзіктерін тастады (2091/53).