Хадис

Сахих Мүслим, № 1347

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
11. Шашты бояу және ақ шаштың түсін өзгерту туралыبَابٌ: فِي صَبْغِ الشَّعْرِ وَتَغْيِيرِ الشَّيْبِ
Нөмірі
№ 1347 (Мухтасар реті)
1347
Мүслим, № 1347Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أُتِيَ بِأَبِي قُحَافَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ، وَرَأْسُهُ وَلِحْيَتُهُ كَالثَّغَامَةِ بَيَاضًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “غَيِّرُوا هَذَا بِشَيْءٍ، وَاجْتَنِبُوا السَّوَادَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Мекке азат етілген күні Әбу Қухафа (р.а.) алып келінді. Оның шашы мен сақалы сағама өсімдігіндей аппақ еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұның түсін бір нәрсемен өзгертіңдер, бірақ қара түстен аулақ болыңдар”, – деді» (2102/79).