Хадис

Сахих Мүслим, № 174

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
4. Хайыз (етеккір) кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
4. Етеккірі келген әйелдің ер адамның шашын тарауы және басын жууыبَابٌ: تَرْجِيلُ الْحَائِضِ وَغَسْلُهَا رَأْسَ الرَّجُلِ
Нөмірі
№ 174 (Мухтасар реті)
174
Мүслим, № 174Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنْ كُنْتُ لَأَدْخُلُ الْبَيْتَ لِلْحَاجَةِ، وَالْمَرِيضُ فِيهِ، فَمَا أَسْأَلُ عَنْهُ إِلَّا وَأَنَا مَارَّةٌ، وَإِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيُدْخِلُ عَلَيَّ رَأْسَهُ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ فَأُرَجِّلُهُ، وَكَانَ لَا يَدْخُلُ الْبَيْتَ إِلَّا لِحَاجَةٍ إِذَا كَانَ مُعْتَكِفًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен табиғи қажетімді өтеу үшін үйге кіретінмін. Үйде науқас адам жатса да, өтіп бара жатып қана оның жағдайын сұрайтынмын. Алла Елшісі (с.а.с.) мешіттен басын үйдегі маған қарай созатын, мен оның шашын тарайтынмын. Ол иғтикафта болған кезде үйге табиғи қажетін өтеу үшін ғана кіретін». (297/7)