Хадис

Сахих Мүслим, № 1244

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
36. Аңшылық және мал сою кітабыكِتَابُ الصَّيْدِ وَالذَّبَائِحِ
бап
5. Аңшылыққа және мал күзетуге арналған ит ұстауға рұқсат етілуі туралыبَابٌ: إِبَاحَةُ اِقْتِنَاءِ كَلْبِ الصَّيْدِ وَالْمَاشِيَةِ
Нөмірі
№ 1244 (Мухтасар реті)
1244
Мүслим, № 1244Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنِ اِتَّخَذَ كَلْبًا إِلَّا كَلْبَ مَاشِيَةٍ أَوْ صَيْدٍ أَوْ زَرْعٍ، اِنْتَقَصَ مِنْ أَجْرِهِ كُلَّ يَوْمٍ قِيرَاطٌ». قَالَ الزُّهْرِيُّ: «فَذُكِرَ لِابْنِ عُمَرَ قَوْلُ أَبِي هُرَيْرَةَ، فَقَالَ: “يَرْحَمُ اللَّهُ أَبَا هُرَيْرَةَ، كَانَ صَاحِبَ زَرْعٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім мал күзетуге, аң аулауға немесе егін күзетуге арналған иттен басқа ит асыраса, оның сауабынан күн сайын бір қират кемиді”, – деді», – деп баяндаған. Әз-Зуһри: «Әбу Һурайраның бұл сөзі Ибн Омарға айтылғанда, ол: “Алла Әбу Һурайраны рақымына бөлесін! Оның егістігі бар еді”, – деді», – деген (1575/58).