Хадис

Сахих Мүслим, № 1119

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
33. Сияр (әскери жорықтар мен соғыс жүргізу тәртібі) кітабыكِتَابُ السِّيَرِ
бап
8. Сапардан оралған адамның үйіне түнде ескертусіз келуінің құпталмайтыны туралыبَابٌ: كَرَاهِيَةُ الطُّرُوقِ لِمَنْ قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ لَيْلًا
Нөмірі
№ 1119 (Мухтасар реті)
1119
Мүслим, № 1119Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ لَا يَطْرُقُ أَهْلَهُ لَيْلًا، وَكَانَ يَأْتِيهِمْ غُدْوَةً أَوْ عَشِيَّةً.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) үй-ішіне түнде тосыннан кіріп бармайтын. Оларға таңертең немесе кешкісін келетін» (1928/180).