Хадис

Сахих Мүслим, № 1109

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
36. Үзірлі себеппен жорыққа шықпай қалғандар және Алла Тағаланың «Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес» деген аяты туралыبَابٌ: فِي أَهْلِ التَّخَلُّفِ بِالْعُذْرِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ﴾ الْآيَةَ
Нөмірі
№ 1109 (Мухтасар реті)
1109
Мүслим, № 1109

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، أَنَّهُ سَمِعَ الْبَرَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَقُولُ: «فِي هَذِهِ الْآيَةِ ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ﴾، فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَيْدًا، فَجَاءَ بِكَتِفٍ فَكَتَبَهَا، فَشَكَا إِلَيْهِ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ ضَرَارَتَهُ، فَنَزَلَتْ: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾ [النِّسَاءِ: ٩٥]».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ Бара ибн Азибтің (р.а.) былай дегенін естіген: «“қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес” («Ниса», 95) деген аят түскен кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) Зәйдке бұйрық берді. Ол жауырын сүйегін алып келіп, аятты жазды. Сонда Ибн Үммі Мәктум өзінің зағип екенін айтып, шағымданды. Осыдан кейін: “Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер...” («Ниса», 95) деген сөздер түсті» (1898/141).