Хадис

Сахих Мүслим, № 1101

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
30. Алла жолында біреуге мініс үшін інген берген адамның артықшылығы туралыبَابٌ: فَضْلُ مَنْ حَمَلَ عَلَى نَاقَةٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ
Нөмірі
№ 1101 (Мухтасар реті)
1101
Мүслим, № 1101Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: “إِنِّي أُبْدِعَ بِي فَاحْمِلْنِي”. فَقَالَ: “مَا عِنْدِي”. فَقَالَ رَجُلٌ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا أَدُلُّهُ عَلَى مَنْ يَحْمِلُهُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Мініп жүрген көлігім жолға жарамай қалды, маған мініс көлік беріңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Менде жоқ”, – деді. Сонда бір адам: “Уа, Расулалла! Мен оған көлік беретін адамға жол көрсетейін”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім бір игілікке жол көрсетсе, сол игілікті жасаушының сауабындай сауап алады”, – деді» (1893/133).