Хадис

Сахих Мүслим, № 1088

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
20. Алланың сөзі үстем болуы үшін соғысқан адам туралыبَابٌ: مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا
Нөмірі
№ 1088 (Мухтасар реті)
1088
Мүслим, № 1088Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَعْرَابِيًّا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلْمَغْنَمِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُذْكَرَ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُرَى مَكَانُهُ، فَمَنْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ أَعْلَى فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Бір адам олжа үшін соғысады, бір адам даңқы жайылсын деп соғысады, енді бірі өзінің ерлігі көрінсін деп соғысады. Осылардың қайсысы Алла жолында?” – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Алланың сөзі бәрінен үстем болуы үшін соғысса, сол Алла жолында”, – деді» (1904/149).