Хадис

Сахих Мүслим, № 1086

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
18. Мал-мүлкін қорғау кезінде өлтірілген адам – шейітبَابٌ: مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ
Нөмірі
№ 1086 (Мухтасар реті)
1086
Мүслим, № 1086Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ جَاءَ رَجُلٌ يُرِيدُ أَخْذَ مَالِي؟” قَالَ: “فَلَا تُعْطِهِ مَالَكَ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَاتَلَنِي؟” قَالَ: “قَاتِلْهُ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلَنِي؟” قَالَ: “فَأَنْتَ شَهِيدٌ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلْتُهُ؟” قَالَ: “هُوَ فِي النَّارِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың Елшісі! Егер бір кісі мал-мүлкімді тартып алғысы келсе, не істеуім керек?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Оған мал-мүлкіңді берме”, – деді. Әлгі адам: “Егер ол менімен айқасса ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Онымен айқас”, – деді. Әлгі адам: “Егер ол мені өлтірсе ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Онда сен шейітсің”, – деді. Әлгі адам: “Ал егер мен оны өлтірсем ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Ол – Тозақта”, – деді» (140/225).