Хадис

Сахих Мүслим, № 1075

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
8. Алла жолында шекара күзетудің артықшылығы туралыبَابٌ: فَضْلُ الرِّبَاطِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ
Нөмірі
№ 1075 (Мухтасар реті)
1075
Мүслим, № 1075Риуаят етуші: Салман

عَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «رِبَاطُ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ خَيْرٌ مِنْ صِيَامِ شَهْرٍ وَقِيَامِهِ، وَإِنْ مَاتَ جَرَى عَلَيْهِ عَمَلُهُ الَّذِي كَانَ يَعْمَلُهُ، وَأُجْرِيَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ، وَأَمِنَ الْفُتَّانَ».

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла жолында бір күн, бір түн шекара күзету бір ай ораза ұстап, түндерін намазбен өткізуден қайырлы. Егер сол кезде қайтыс болса, істеп жүрген амалының сауабы жалғаса береді, оған ризық-несібесі беріліп тұрады әрі ол қабір сынағынан аман болады”, – дегенін естідім» (1913/163).