Хадис

Сахих Мүслим, № 1071

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
4. Жиһад арқылы құлдың дәрежелерін жоғарылату туралыبَابٌ: رَفْعُ دَرَجَاتِ الْعَبْدِ بِالْجِهَادِ
Нөмірі
№ 1071 (Мухтасар реті)
1071
Мүслим, № 1071Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَا أَبَا سَعِيدٍ، مَنْ رَضِيَ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ ﷺ نَبِيًّا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ»، فَعَجِبَ لَهَا أَبُو سَعِيدٍ، فَقَالَ: «أَعِدْهَا عَلَيَّ، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَفَعَلَ، ثُمَّ قَالَ: «وَأُخْرَى يُرْفَعُ بِهَا الْعَبْدُ مِائَةَ دَرَجَةٍ فِي الْجَنَّةِ، مَا بَيْنَ كُلِّ دَرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ». قَالَ: «وَمَا هِيَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деп жеткізді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Әбу Сағид! Кім Алланы Раббы, Исламды дін, Мұхаммедті пайғамбар тұтып, разы болса, оған Жәннат тиесілі болады», – деді. Бұл сөз Әбу Сағидті таңырқатты. Ол: «Уа, Расулалла! Мұны маған қайталап айтыңызшы», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны қайталап айтты. Содан кейін: «Тағы бір амал бар. Сол арқылы құл Жәннатта жүз дәрежеге көтеріледі. Әрбір екі дәреженің арасы аспан мен жердің арасындай», – деді. Әбу Сағид: «Уа, Расулалла! Ол не?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Алла жолындағы жиһад! Алла жолындағы жиһад!» – деді (1884/116).