Хадис

Сахих Мүслим, № 1068

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
1. Алла Тағаланың «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама!» деген сөзі және шейіттердің рухтары туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا﴾ وَذِكْرِ أَرْوَاحِ الشُّهَدَاءِ
Нөмірі
№ 1068 (Мухтасар реті)
1068
Мүслим, № 1068

عَنْ مَسْرُوقٍ، قَالَ: «سَأَلْنَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ هَذِهِ الْآيَةِ: ﴿وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: ١٦٩] قَالَ: “أَمَا إِنَّا قَدْ سَأَلْنَا عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: ‘أَرْوَاحُهُمْ فِي جَوْفِ طَيْرٍ خُضْرٍ، لَهَا قَنَادِيلُ مُعَلَّقَةٌ بِالْعَرْشِ، تَسْرَحُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ شَاءَتْ، ثُمَّ تَأْوِي إِلَى تِلْكَ الْقَنَادِيلِ، فَاطَّلَعَ إِلَيْهِمْ رَبُّهُمُ اِطِّلَاعَةً، فَقَالَ: ‹هَلْ تَشْتَهُونَ شَيْئًا؟› قَالُوا: ‹أَيَّ شَيْءٍ نَشْتَهِي وَنَحْنُ نَسْرَحُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ شِئْنَا؟› فَفَعَلَ ذَلِكَ بِهِمْ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، فَلَمَّا رَأَوْا أَنَّهُمْ لَنْ يُتْرَكُوا مِنْ أَنْ يُسْأَلُوا، قَالُوا: ‹يَا رَبِّ، نُرِيدُ أَنْ تَرُدَّ أَرْوَاحَنَا فِي أَجْسَادِنَا حَتَّى نُقْتَلَ فِي سَبِيلِكَ مَرَّةً أُخْرَى›، فَلَمَّا رَأَى أَنْ لَيْسَ لَهُمْ حَاجَةٌ تُرِكُوا’”».

Қазақша аудармасы

Масруқ былай деді: «Біз Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): “Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Жоқ, олар тірі, әрі Раббыларының дәргейінде ризық-несібеге бөленуде.” («Әли Имран», 169) деген аят туралы сұрадық. Ол: “Расында, біз де бұл туралы сұраған едік. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): ‘Олардың рухтары жасыл құстардың ішінде болады. Олардың Аршқа ілінген шырағдандары бар. Олар Жәннаттың қалаған жерінде еркін шарлап жүреді де, кейін сол шырағдандарға оралады. Бір кезде Раббылары оларға назар салып: ‹Бір нәрсе қалайсыңдар ма?› – деп сұрайды. Олар: ‹Біз Жәннаттың қалаған жерінде еркін шарлап жүргенде, тағы нені қалауымыз мүмкін?› – дейді. Алла бұл сұрақты оларға үш рет қояды. Сұрақтың қайта-қайта қойыла беретінін түсінгенде, олар: ‹Уа, Раббымыз! Рухтарымызды денелерімізге қайтаруыңды қалаймыз. Сонда Сенің жолыңда тағы бір рет өлтірілер едік›, – дейді. Олардың басқа ешбір мұқтаждығы жоқ екені белгілі болғанда, олар жайына қалдырылады’, – деп жауап берді”, – деді» (1887/121).