Хадис

Сахих Мүслим, № 1064

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
31. Қонақжайлық кітабыكِتَابُ الضِّيَافَةِ
бап
1. Қонақ етілмеген адамға қатысты үкім туралыبَابٌ: الْحُكْمُ فِيمَنْ مُنِعَ الضِّيَافَةَ
Нөмірі
№ 1064 (Мухтасар реті)
1064
Мүслим, № 1064Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «قُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ تَبْعَثُنَا فَنَنْزِلُ بِقَوْمٍ فَلَا يَقْرُونَنَا، فَمَا تَرَى؟” فَقَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنْ نَزَلْتُمْ بِقَوْمٍ فَأَمَرُوا لَكُمْ بِمَا يَنْبَغِي لِلضَّيْفِ فَاقْبَلُوا، فَإِنْ لَمْ يَفْعَلُوا فَخُذُوا مِنْهُمْ حَقَّ الضَّيْفِ الَّذِي يَنْبَغِي لَهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Біз: “Уа, Расулалла! Сіз бізді бір жаққа жібересіз. Біз бір қауымға барып түссек, олар бізді қонақ етпейді. Бұған не дейсіз?” – деп сұрадық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Егер бір қауымға барып түссеңдер, олар сендерге қонаққа лайықты күтім көрсетсе, оны қабыл алыңдар. Ал олай етпесе, олардан қонақ ретіндегі ақыларыңды алыңдар”, – деді» (1727/17).